26.08.2025 ж. "білім беру саясаты және мектептің басымдықтары" педагогикалық кеңесі өткізілді
2025-2026 оқу жылында"
Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруға бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету және педагогикалық ұжым қызметінің 2025-2026 оқу жылына арналған негізгі міндеттерін айқындау.
Қатысушылар: мектептің педагогикалық ұжымы, білім бөлімінің әдіскері-Қуандықова Г. Ж., "Өрлеу" БАҰО өкілі.
1. КҮН ТӘРТІБІ
1. Жаңа оқу жылындағы білім беру ұйымы жұмысының басым бағыттары туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.
"Жаңа оқу жылындағы білім беру ұйымы жұмысының басым бағыттары туралы" мәселе "2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" нұсқаулық-әдістемелік хатты түсіндіруді, білім беру процесіне "Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу, жасанды интеллектті пайдалану тетіктерін қарауды қамтыды; педагог мәртебесін сақтаудың және оның құқықтарын қорғаудың, білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттырудың маңыздылығын білдіреді.
"Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы" мәселе оқу жұмыс жоспарын, оқу жүктемесін, сабақ кестесін, мектепті дамыту жоспарын, педагогикалық кеңестің жұмыс жоспарын, мектепішілік бақылау жоспарын, әдістемелік кеңестің жоспарын, педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын және білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да жоспарларды талқылау мен бекітуді қамтыды.
Сондай-ақ, білім күніне арналған салтанатты жиынның өтетін күні анықталды.
"Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы" мәселе санитарлық сақтау нормаларын, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, қауіпсіз және инклюзивті білім беру ортасын қамтамасыз ету, мектептің ішкі еңбек тәртібі мен жұмыс кестесінің ережелерін, сондай-ақ осыған байланысты өзге де аспектілерді қарауды қамтыды