Текст
27.02.2026
"Заң және тәртіп" айлығы аясында 1-4 сынып оқушылары арасында "Қауіпсіз Интернет"тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар желідегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерімен танысты, ықтимал қауіптер мен олардың алдын алу жолдары туралы білді. Іс-шара интернетті пайдалануға жауапты және саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.

