5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі
Калинин негізгі мектебінде 2020 жылғы 4 қыркүйек пен 16 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс –шаралар өткізілуде. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігін өткізу бойынша іс-шаралардың арнайы жоспары құрылып,бекітілді. Апталықтың ашылуына орай, әр сынып жетекшілері «Тіл тағдыры» тақырыбына сыныптан тыс іс –шара өткізді.